logo

Парижге жеттік, бүгін олимпиадалық қалашықта алғашқы жаттығуымызды бастаймыз: Мырзағали Айтжанов

Парижге жеттік, бүгін олимпиадалық қалашықта алғашқы жаттығуымызды бастаймыз: Мырзағали Айтжанов

Қазақ боксшылары Франция астанасы Париж қаласында орналасқан Олимпиада қалашығына аман-есен жетіп, алғашқы дайындықтарына кірісіп кетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Парижге аман-есен жеттік. Бізді әуежайда Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің өкілдері қарсы алды. Олимпиада қалашығының атмосферасы керемет көңіл күй сыйлады. Қонақүй де жайлы, таза, ретті. Бүгіннен бастап, Париждегі алғашқы жаттығуымызды бастаймыз. 25 шілде күні жеребе тарту рәсімі. Жалпы, жарысқа дайынбыз», - деді бас бапкер.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда, яғни 7 салмақта, ал әйелдер құрамасы 3 салмақта сынға түседі.



Күн шежіресі