Өз спортшыларымызды дайындауымыз керек: Серік Сәпиев Қазақстандағы легионерлерді сынады
Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғайтын шетелдік спортшыларды сатып алуға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Легионерлер бойынша бұл әр мемлекетте бар практика. Әр елде легионерлерге көңілі көншімейтіндер табылады. Әрине, өз спортшыларымызды дайындауымыз керек.
Қажет жағдайда шетелден тәжірибелі жаттықтырушыларды тартып, олардан үйреніп, өз спортшыларымызды даярлау қажет», - деді Серік Сәпиев.