logo

«Өтірік айтудан қорықпайды»: өзбек жанкүйерлері Астанадағы Азия чемпионатын қатаң сынады

«Өтірік айтудан қорықпайды»: өзбек жанкүйерлері Астанадағы Азия чемпионатын қатаң сынады

Өзбекстандық жанкүйерлер жарысты ұйымдастыру деңгейін сынап, жекпе-жек нәтижелерінің әділетсіз болғанын айтуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Өзбекстанның жастар құрамасы Құрлық біріншілігінде үшінші орынға табан тіреді. Бұл жанкүйерлердің ашу-ызасын тудырған. Олар өз пікірлерін әлеуметтік желіде жазып жатыр.

«Алдыңғы жарыстарда кім бірінші орын алғанын айтпайтын еді. Енді бірінші, екінші орындарды айтып мақтанып жатыр», «Астағфируллаһ, қазақтар бірінші орын алдық деп өтірік айтуға қорықпайды», «Кім ұйымдастырса, бірінші орын сол елдікі дейтін бе еді?!

Мейлі, құттықтаймыз», «Нәтижеміз өте нашар, сыбайлас жемқорлық боксқа да келгені ме?», «Бұл қандай жарыс? Кезінде өзіміз жеңген спортшылар бізді жеңіп кетті ме?» — деп жазды олар.

Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты Астанада 25 сәуір мен 8 мамыр аралығында өтті.