Отандық теннисшілер Шымкентте сәтті өнер көрсетуде
Шымкенттегі ұлттық теннис орталығында Asia/Oceania Final Juniors Davis Cup іріктеу турнирінің алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Капитан Сергей Квак бастаған Қазақстан командасы Өзбекстан құрамасын таза жеңді. Есеп 3:0.
Алғашқы матчта Дамир Жалғасбай Даниил Квасовтан басым түсті, 6:0, 6:3. Заңғар Нұрланұлы Сухроб Саидовтан айласын асырды - 6:2, 6:3, ал жұптық сында Даниэль Тазабеков/Заңғар Нұрланұлы Саидов/Квасов дуэтін жеңді 6:4, 6:1.
Бірінші күн қорытындысы бойынша А тобында Қазақстан көш бастап тұр, екінші орында Қытай. Қос командада 3 ұпай бар. 21 мамыр күні отандық теннисшілер Малайзиямен кездеседі, бұл команда бірінші кезеңде Қытайға жол берген еді 0:3.