Осимхеннің голы «Галатасарайға» «Гезтепені» жеңуге көмектесті (видео)

Осимхеннің голы «Галатасарайға» «Гезтепені» жеңуге көмектесті (видео)

Түркия Суперлигасының үшінші турында «Галатасарай» өз алаңында «Гезтепені» 3:2 есебімен жеңді.

Қонақтар сапынан Новатус Мироши есеп ашқанымен, «Арыстандар» 63-минутқа қарай 3:1 есебімен алға шықты. «Галатасарай» сапында Давинсон Санчес, Габриэль Сара және Виктор Осимхен гол соқты.

«Гезтепе» бразилиялық Хуанның голы арқылы есеп айырмасын қысқартты. Алайда Станимир Стойлов шәкірттерінің таразы басын теңестіруге шамасы жетпеді.



Күн шежіресі