logo

Орынбасар Дауытбекова әйелдер футболының дамуы жайында айтты

Орынбасар Дауытбекова әйелдер футболының дамуы жайында айтты

Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған, қазіргі уақытта жастар командасы және Астананың балалар және жасөспірімдер мектебінің бапкері Орынбасар Даутбекова Sport Plus Qazaqstan тілшісіне берген сұхбатта ҚПЛ жүйесінде әйелдер командалардың қосылуына байланысты әйелдер футболының дамуы жайында пікірін білдірді:

«Бұл тамаша шешім. Әйелдер футболын дамыту керек.Қазіргі уақытта қыздарымыздың нәтижесі әлдеқайда жақсарғанын байқап жүрміз. Сондықтан, ерлер клубындағы әйелдер командасының юолуы әйелдер футболының сапасын да, бәсекелестікті де арттырады. Нәтижесінде құрамаға іріктеу кезінде таңдау жақсы болады. 

Нәзік жандыларды назардан тыс қалдырмайтын Қазақстан футбол федерациясына алғыс білдіремін. Мысалы, федерация аймақтарда қыздар арасында «Менің ойыным» фестивалін өткізіп жүр. Бұл жасөспірім қыздардың спортқа деген құштарлығын арттырады. Бұрын мен мектептерді аралап, қыздарды іздейтінмін. Қазір осы шаралардың арқасында талантты қыздарды табу қиын емес.

Қазіргі уақытта барлық жас дәрежесі бойынша әйелдер футболынан Қазақстан чемпионаты да өткізілетін болды. Бұл даму жолындағы маңызды қадам.



Күн шежіресі