Орталық Азия чемпионатындағы төртінші алтынды Қазақстанға Виктория Ан әкелді

Орталық Азия чемпионатындағы төртінші алтынды Қазақстанға Виктория Ан әкелді

Ташкентте өтіп жатқан III Орталық Азия чемпионатында Виктория Ан 100 метрге жүгіруден жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық жеңіл атлет қашықтықты 11,85 секундта жүгіріп өтіп, осы маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетті. Екінші орынды Өзбекстан өкілі Лайло Аллаберганова (11,92 секунд) иеленсе, үздік үштікті Түрікменстаннан Валентина Мередова (12,09 секунд) түйіндеді.

Осылайша, Виктория Шымкентте өткен Гусман Косанов мемориалында өзінен басым түскен Аллабергановадан бұл жолы озып кетті.

Тағы бір қазақстандық Маргарита Назаренко 12,26 секунд нәтижесімен бесінші орын алды.

Бұл Қазақстан спортшыларының Орталық Азия чемпионатындағы төртінші алтыны болды. Бұған дейін тұғырдың ең биік сатысына Алина Чистякова (ұзындыққа секіру), Ұлболсын Есеркеп (найза лақтыру) және Юлия Башманова (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру) көтерілген болатын.



Күн шежіресі