logo

«Ордабасы» Украина жастар құрамасының экс-футболшысымен келісімшартқа отырды

«Ордабасы» Украина жастар құрамасының экс-футболшысымен келісімшартқа отырды

«Ордабасы» Украина жастар құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Юрий Вакулкомен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+.

Юрий өзінің кәсіби мансабын негізінен туған елінде өткізген. Сонымен қатар ол Сербия кубогын жеңіп алған «Партизан» және Латвия чемпионатының өкілі — «Рига» клубтарында ойнаған.

Вакулконың соңғы клубы Украина Премьер-лигасындағы «Кривбасс» болды. Ол бұл команда сапында 19 матч өткізсе, еурокубоктардың іріктеу кезеңінде 4 ойынға қатысты.



Күн шежіресі