«Ордабасы» румын футболшысымен келісімшартқа қол қойды

«Ордабасы» румын футболшысымен келісімшартқа қол қойды

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы 29 жастағы румыниялық жартылай қорғаушы Михай Кэпэцынэмен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп жазады Sport+.

Михай Кэпэцынэ — румын футболының түлегі. Ол мансабында «Волунтари», «Университатя» және «FC Olt Slatina» сынды бірнеше жергілікті клубтардың намысын қорғаған.

Қазақстандық клубқа ауысу арқылы Кэпэцынэ алғаш рет туған елінен тыс жерде мансабын жалғастырмақ.