«Ордабасы» бразилиялық маманмен келісімге келді
МФК «Ордабасы» ресми түрде Жозе Алесионың бас бапкер болып тағайындалғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
2007 жылы Алесио «Қайрат» командасын басқарып, онда бір жыл жұмыс істеді. 2014 жылы «Қайратқа» қайта оралып, Какаудың көмекшісі болды, келесі жылдан бастап ол Какауға Қазақстан құрамасында да көмектесті.
2017 жылы Какау кеткеннен кейін Алесио команданы және құраманы дербес басқарды. Оның жетекшілігімен Қазақстан 2018 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шықты. Дегенмен, Алесио құраманы тек 6 ай ғана басқарды. Оның соңғы жұмыс орны Әзірбайжан құрамасы болды.