logo

Оралхан Өміртаев шетелде рекорд жаңартты

Оралхан Өміртаев шетелде рекорд жаңартты

Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев басқа ойыншыны ауыстырып, алаңға шыққан соң соғылған гол саны бойынша Максим Скавыштың көрсеткішінен озды, деп хабарлайды Sport+

Беларусь чемпионатында өнер көрсететін Өміртаевтың еншісінде биылғы біріншіліктің соңғы турына дейін Максим Скавышпен тең жеті голдан болған. Алайда «Сморгоньямен» ойында бастапқы да қосалық құрамда отырған қазақстандық аяқдопшы алаңға шығып гол соқты.

Осылайша ол «Торпедо-БелАЗа» форвардынан озды, алайда Скваштың алда «Славиямен» соңғы ойыны бар.

Сонымен қатар, Өміртаев Скавыштың тағы бір абсолютті рекордын қайталады. 2018 жылы БАТЭ сапында Максим де алаңға кейінгі минуттарда шығып, 8 гол соққан екен. Оған қоса Оралхан легионерлер арасында да осы көрсеткішке қол жеткізген үздік ойыншы.