Омарханов пен Жұқаевтың алғашқы жұбы. Almaty Open турнирінің тікелей эфирі

Қазақстандық жұп Әмір Омарханов пен Бейбіт Жұқаев Almaty Open турнирінің ұйымдастырушыларынан уайлд-кард алып, жарыс кестесіндегі жолын австралиялық Джеймс Дакворт пен Адам Уолтонға қарсы матчтан бастайды.
Айта кету керек, Әмір мен Бейбіт бұған дейін жұптық жарыстарда бірге өнер көрсетпеген. Сондықтан Алматыда өтетін бұл турнир олар үшін алғашқы бірлескен тәжірибе болмақ. Дегенмен, әрқайсысы жеке дара жақсы жұптық ойыншылар саналады: Әмір жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирлерінде жұптық сайыстардың жартылай финалына дейін жеткен. Бейбіт те жұптық сында белсенді түрде ойнап жүр, әсіресе Қытайда өткен соңғы турнирлер сериясында қатысқан.
Ал австралиялық Дакворт пен Уолтон бір ғана турнирде бірге ойнаған — шілде айында Мексикада өнер көрсетіп, жарысты екінші айналымда аяқтаған.
Омарханов/Жұқаев — Дакворт/Уолтон матчы 14 қазан күні шамамен сағат 15:30–да басталады.
Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында да трансляция қолжетімді болады.