Омарханов пен Нұрланұлының матчтары Sport+ арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Омарханов пен Нұрланұлының матчтары Sport+ арнасында тікелей эфирде көрсетіледі

Астанада M15 және W15 World Tennis Tour турнирі жалғасуда. Дүбірлі додада қазақстандық теннисшілер де бақ сынап жатыр.

Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы бірінші ракеткасы, әлемнің ТОП-10 үздік жасөспірімі қатарына кіретін Заңғар Нұрланұлы бүгін жерлесі Ерасыл Ерділдамен кортта кездеседі.

Өткен жылғы Қазақстан чемпионы Әмір Омарханов жапониялық Рио Табатамен күш сынасады.

Бұл екі матчты, сондай-ақ орталық корттағы тағы екі ойынды Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

30 шілде. Орталық корттағы ойындар
Матчтардың басталуы — 10:00

Даниель Рахматуллаев (Қазақстан) — Шунсүке Мицуи (Жапония)
Әмір Омарханов (Қазақстан) — Рио Табата (Жапония)
Заңғар Нұрланұлы (Қазақстан) — Ерасыл Ерділда (Қазақстан)
Еркежан Арыстанбекова / Жанель Рүстемова — Альбина Какенова / Анастасия Крымкова



Күн шежіресі