logo

Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа лейтенант шені табысталды

Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосыновқа лейтенант шені табысталды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновқа лейтенант шені табысталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы спорт комитетінің өкілдерін қабылдап, Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

Іс-шара барысында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, АОСК СК спортшысы Сәкен Бибосынов пен жаттықтырушы Асан Мәмбетқұловқа лейтенат шені табысталды.

Айта кетейік, әскери қызметшілер арасынан 9 спортшы Париж Олимпиадасына қатысады.

Бокстан Сәкен Бибосынов пен Махмұд Сабырхан, таэквондодан Сомирхон Абабакиров пен Батырхан Тілеуғали, қазіргі бессайыстан Елена Потопенко, нысана көздеуден Ислам Сәтбаев, грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали мен Әлімхан Сыздықов және спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.