logo

Олимпиада жүлдегері Ислам Сәтпаев ел чемпионатында топ жарды

Олимпиада жүлдегері Ислам Сәтпаев ел чемпионатында топ жарды

Шымкентте нысана көздеуден командалық Қазақстан чемпионаты ресми түрде басталды, деп хабарлайды Sport+

Бұл – мергендер үшін биылғы маусымның алғашқы жарысы. Жарыстың алғашқы күнінде ерлер 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде жүлделерді сарапқа салды. Алтын – Алматы қаласының командасы: Ислам Сәтпаев, Константин Малиновский, Алексей Клейменов. Күміс – Шымкент қаласының командасы: Никита Шахторин, Ринат Казаченко, Олег Носков. Қола – Павлодар облысының спортшылары: Руслан Загитов, Владислав Костенко, Артём Потрянко.

Жарыстың екінші күні осы бағдарламада әйелдер өзара мықтыны анықтайды.