Олимпиада жолдамасын иеленген жалғыз қазақстандық боксшы қыз «Елорда кубогының» финалына шықты
Карина Ибрагимова 57 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіндегі бәсекенің жартылай финалында отандасы Виктория Байдуковамен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Карина Ибрагимова 57 килограмға дейінгі салмақ дәрежесіндегі бәсекенің жартылай финалында отандасы Виктория Байдуковамен жұдырықтасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Ибрагимова – Азия чемпионы, әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері. Сондай-ақ ол – әйелдер боксынан әзірге Қазақстан қоржынындағы жалғыз Олимпиада лицензиясының иегері.
Айта кетейік, бокстан «Елорда кубогі» 18 мамырға дейін жалғасады. Турнирге Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Үндістан, Жапония, Марокко, Әзербайжан, Тәжікстан, Корея, Қырғызстан және Қытай боксшылары да қатысып жатыр.
Жарыстың жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы қарастырылған. Әр салмақ дәрежесінде бірінші орынға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 АҚШ доллары, үшінші орынға 200 АҚШ доллары беріледі.