logo

Олимпиада жеребесіне әсер етеді: Руслан Кұрбанов Франциядағы жүлденің маңызына тоқталды

Олимпиада жеребесіне әсер етеді: Руслан Кұрбанов Франциядағы жүлденің маңызына тоқталды

Cемсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Кұрбанов Францияда өткен әлем кубогі кезеңінің маңызына тоқталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Айта кетелік, командалық сында Қазақстан шпагашылары қола медаль жеңіп алған болатын. 

«Бұл көрсеткіш біздің әлемдік және Олимпиадалық рейтингтегі позициямызды нығайта түседі. Біздің рейтингте қай орында тұрғанымыз Олимпиададағы алғашқы қарсыластар таңдалатын кезде өте маңызды роль ойнайды. Бұл стратегиялық тұрғыдан маңызды. Азия чемпионатынан кейін жеребе белгілі болып, қарсыластар анықталады», -  дейді команда мүшесі Руслан Курбанов. 

Франциядағы турнирде алғашқы 16 команданың қатарына кіру үшін Қазақстан Ливияны жеңіп, 1/8 финалда Испания құрамасын 45:27 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

Ширек финалда  Украина құрамасына қарсы өткен тартысты кездесуде қазақстандық семсерлесушілер 45:37 есебімен жеңіске жетті. Ал жартылай финалдағы өте қарқынды кездесуде Қазақстан Францияға 36:45 есебімен жол берді.

Үшінші орын үшін өткен жекпе-жекте біздің спортшылар 45:29 есебімен Израильді сенімді түрде жеңді.



Күн шежіресі