logo

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова референдумда өз таңдауын жасады

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова референдумда өз таңдауын жасады

Өскемен қаласында Олимпиаданың 3 дүркін жүлдегері Ольга Рыпакова референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

№ 7 сайлау учаскесі қаланың Жібек маталар комбинаты ықшамауданындағы № 45 орта мектепте орналасқан.

Бұл учаскеге Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова келіп дауыс берді. 

«Бүгін әдеттегідей өзімнің азаматтық позициямды білдіру үшін осында келдім. Сәл ауырыңқырап тұрсам да сайлау учаскесіне келіп, дауыс бердім. Себебі елімнің патриоты болғандықтан осындай маңызды референдумнан қалыс қалмауым керек. Бұл барша қазақстандықтардың міндеті деп есептеймін», — деді қазақстандық жеңіл атлет. 

Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы (2012).

Сондай-ақ Бейжің (2008) және Рио-де-Жанейродағы (2016) Олимпиада ойындарының екі мәрте қола жүлдегері.



Күн шежіресі