logo

Ольга Сафронова топ жарды

Ольга Сафронова топ жарды

Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлделеріне арналған 9-шы халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аталмыш жарысқа Өзбекстан, Түркия, Тәжікстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Армения, Грузия және Қазақстанның түрлі аймақтарынан 79 қатысушы қатысты.

60 метр қашықтықта жүгіруден павлодарлық спортшы Ольга Сафронова 7,38 секундта жүгіріп өтіп, чемпион атанды.

Ольга Сафронова – еліміздің үздік спринтері. 2020 жылы Түркия елінде European Athletics Indoor Permit Race сериясының Istanbul Indoor Cup 2020 халықаралық турнирінде 60 метрге жүгіруден қола медаль иегері атанды.

Былтыр Астана қаласында өткен Азия чемпионатында 60 метрге жүгіруде күміс жүлде жеңіп алды.