logo

Нұралы Әліп: Менің «Зениттегі» жалақым ең төмен

Нұралы Әліп: Менің «Зениттегі» жалақым ең төмен

Қазақстан құрамасы мен Санкт-Петербургтің «Зенит» футбол клубының қорғаушысы Нұралы Әліп «Манчестер Юнайтед» клубына ауысуға қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әліпке ағылшын клубына екі есе төмен жалақымен ауысар ма еді деген сұрақ қойылды.

«Менде, мүмкін, командадағы ең төменгі жалақы шығар. Одан да төмен бола ма? Англияда салықтар 50 пайыз ғой. Ол жаққа не үшін барайын», — деді Әліп.

Айта кетейік, Әліп РПЛ-дың 8-турындағы ЦСКА-ға қарсы ойында болған жанжал үшін дисквалификациядан құтылған болатын.