logo

Нокаут болады: Әлімханұлы жекпе-жек алдында уәде берді

Нокаут болады: Әлімханұлы жекпе-жек алдында уәде берді

14 шілде күні WBO және IBF нұсқасындағы әлем чемпионы атағын қорғайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады. Ол жанкүйерлерін кезекті рет қуантатынына сенімді екенін айтып отыр.

«Достар, бұйырса жедел нокаут болады. Сондықтан жекпе-жектен кейінгі жоспарды қазір құра беріңіздер», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

14 шілде күні Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF нұсқасындағы әлем чемпионы атағын қорғайды. Оның қарсыласы Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайлович болмақ. Бұл жекпе-жектен Әлімханұлының қанша көлемде гонорар алатыны әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр.