logo

Никита Корзун: Жаңа чемпионатта өзімді сынап көргім келді

Никита Корзун: Жаңа чемпионатта өзімді сынап көргім келді

«Елімайдың» белоруссиялық жартылай қорғаушысы Никита Корзун Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында семейлік клубқа ауысқаны және Андрей Карповичпен жұмыс туралы айтып берді.

– Никита, алдымен «Елімайға» ауысқаныңызбен құттықтаймын. Өз сезіміңізбен бөлісіп кетсеңіз?

– Керемет сезімдемін. Мен үшін бұл жаңа сынақ болмақ. Жаңа чемпионатта өзімді көргім келді, сондықтан «Елімайға» ауысқаныма өте қуаныштымын.

– Жалпы Қазақстан мен чемпионат туралы ауысқанға дейін не білдіңіз?

– Шын мәнінде, көп нәрсе білдім, себебі көптеген достарым Қазақстанда ойнады, тіпті ұлттық құрамада жиналғанда олар сіздің ел туралы айтып жататын.

Никита Корзун: Жаңа чемпионатта өзімді сынап көргім келді

– Қазақстанда ойнайтын белоруссиялық ойыншылардан тұтастай ұлттық құрама құруға болады дегенді көп айтып жатады. «Елімай» клубына ауысар алдында олардан кеңес алдыңыз ба?

– Расында мен Қазақстан чемпионатында ойнайтын көптеген жігіттермен таныспын. Александр Нойокпен («Атырау») сөйлестім, ол чемпионат пен Қазақстандағы өмір туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ, Виталий Жуковский («Атыраудың» бас бапкері) да өз көмегін білдірді.

– Клубпен байланыс қалай орнады? Сізге ұсыныс қалай түсті?

– Клуб басшылығы тікелей менімен байланысқа шықты, және барлық келіссөздер тек олар арқылы жүрді. Бұл мен үшін шешуші фактор болды, себебі барлық ұсыныстардан тек «Елімай» басшылығы мен бапкерлер штабы мені өз ұжымдарында көргісі келді. Бейжайлық пен оларға деген сенім өз септігін тигізді.

Никита Корзун: Жаңа чемпионатта өзімді сынап көргім келді

– Андрей Владимировичпен жұмыс жасаған қандай әсер берді?

– Тек керемет әсерлер. Жақсы маман екені бірден көрініп тұр. Максималист, барлық жарыстарда жеңгісі келеді.

– Қызықты факт: Андрей Карпович те кезінде сіз сияқты тіреуші жартылай қорғаушы болған, және де екеуің сыртқы түріңізбен де ұқсайсыздар. Басқа ұқсастықтарды байқадыңыз ба?

– Жоқ, оның пас беруі шеберлігі менікінен бес есе артық, және допты да жақсы тартып алады. Біздің арамыздағы жалғыз ұқсастық – ол, мүмкін, сары сақал (күледі). Мен оны бірден байқадым.

– Сіз кезінде қазір аты шулы Сауд Арабиясының чемпионатында ойнадыңыз, бірақ ол жерде тек жарты маусым өткіздіңіз. Чемпионаттың сапасы туралы не айта аласыз және егер мүмкіндік болғанда, сонда қалар ма едіңіз?

– Иә, мен онда ойнадым және Сауд Арабия чемпионаты өте күшті екенін кезде айтқанмын. Оларға сапалы легионерлер келеді. Егер олар маған он жылға ұсыныс жасағанда, мен бір ай ойланып, өзімде басқа ұсыныстар бар сияқты болып, содан кейін қол қояр едім.

Никита Корзун: Жаңа чемпионатта өзімді сынап көргім келді

– Айта кететін жайт, сіз 2020 жылы мансабыңызды Қазақстанда жалғастыруыңыз мүмкін едіңіз: сіздің агентіңіз Қазақстан чемпионатынан қызығушылық туралы мәлімдеген. Бұл туралы білдіңіз бе?

– Жоқ, бұл туралы білмеппін. Ол кезде, қазіргідей менде ұсыныстар болмаған, ешкім басшылықтан немесе бапкерлер штабынан маған қоңырау шалмаған. Меніңше, бәрі сыбыс деңгейінде болды. Маған тікелей ешкім хабарласқан жоқ.

– «Шахтерде» (Солигорск) сіз украин маманы Григорий Григорчукпен жұмыс істедіңіз. Бір сұхбатыңызда ол сізге өзіңізді атып тастауды ұсынғанын айтқансыз. Көріп отырғанымыздай, сіз әлі тірісіз..

– Иә, мұндай сәт болған. Шын мәнінде, ол тамаша маман, маған футболшы ретінде дамуымда көп нәрсе берді. Ал оның айтқаны – бұл оның қарым-қатынас стилі. Өзімді атуға керек емес екенін білгенмін, тіпті екі оқ ата алмайтынымды да білдім, өйткені бұл менің қолымнан келмейді.

– Жақында Беларусь құрамасын алматылық «Қайратты» баптаған испандық Карлос Ферер басқарды. Өткен циклдан кейін оның жұмысы туралы не айта аласыз?

– Ол жарады, себебі көп эмоция әкелді, бізге дәл сол қажет еді. Себебі ұлттық құрама – бұл ойнағың келетін орын, сенен бұл жер ойнауға сұрамауы керек. Қазір барлық жігіттер шынымен де ұлттық құрамаға қосылғысы келеді. Мысалы, егер қазір маған қоңырау шалса, мен кез келген уақытта ойындарға баруға дайынмын. Мен осы ұжымның бір бөлігі болғым келеді, онда бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Ұлттық құрамада осылай болуы тиіс.