Назым Қызайбай теңіз жағасындағы жаттығуы жайында айтты
Жақында Бангкоктағы соңғы лицензиялық турнирде бокстан 50 келі салмақ дәрежесінде Олимпиада жолдамасын иеленген Назым Қызайбай Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында қазіргі дайындығы жайында айттты:
«Бұл күндері Түркиядамын. Жоспар бойынша бағдарламасында демалыс пен жаттығу бірге жүретін жиын түрі өтуде. Үлкен жүктемелер жоқ, тек денені тонуста ұстау мақсатында жаттығулар жасалады. Күнделікті далада жүгіру, теңізде не бассейнде жүзу, фитнес залындағы немесе бокс жаттығуларын жасаймын. Қазақстанға ұшып келе салысымен ұлттық құрамамен оқу-жаттығу жиынына кірісеміз. Сол кезде күнделі жаттығулар басталады.
Теңіз суының денсаулыққа қаншалықты пайдалы екені айтпаса да түсінікті, оған қоса жүзу — жалпы физикалық жағдайға оңынан әсер етеді, өкпе жұмысын жақсартады. Жалпы бұл сапар психологиялық тұрғыда да пайдасы бар деп ойлаймын, үйде болсақ тіршілікке кірісіп кетеміз.
Лицензиялық турнир алдында үлкен жұмыс атқарылды, дегенмен босаңсуға жол бермеу керек, Олимпиадаға елу күннен де аз уақыт қалды.
Алда екі кезең оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр. Екеуінен де ойдағыдай өтіп, жақсы формада Парижге аттанамыз деген үміттемін».