Назым Қызайбай «Мықтылар» турниріне қатыспайды
Әйелдер боксынан Ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин Қарағандыда «Мықтылар турнирі» туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Бұл жарыс аты атап тұрғандай нағыз мықтылар анықталатын турнир. Париж Олимпиадасынан кейінгі бірінші ірі республикалық жарыс болғандықтан барлық өңірдің боксшылары келеді.
Осы турнирде кім өзін дәледейді, сол боксшы қараша айында Иорданияда өтетін Азия чемпионатына баруы мүмкін. Сондықтан, бұл жарысты Азия чемпионатына іріктеу десек те болады», - дейді бас бапкер.