logo

Назерке Азаматова: «Атамекен» әні жеңіске жігерлендірді

Назерке Азаматова: «Атамекен» әні жеңіске жігерлендірді

Қазақша күресінен Назерке Азаматова 52 келіде жеңімпаз атанып, ерекше толқыды. Өзінің сезімі туралы спортшы Sport Plus Qazaqstan сайтына айтты. 

Финалда кездескен Өзбекстан балуанымен бұрын күреспедім. Бапкерлер «оң қолыңды бас, қарсыластың өзін қысып алып, лақтыруға тырыс» деген тапсырма берілді.

Осы Ойындардағы мен үшін ең қызық белдесу Әзірбайжан қызымен болды. Тартысты жекпе-жек деп соны атап өтер едім.

Жанкүйерлердің қолдауы ерекше болды, трибунада «Атамекен» әні айтылғанда, жеңіске жетпесем болмайды деп ойладым.

Маған қолдау көрсеткен ата-анам мен бапкерлеріме, көрермендерге рахмет айтамын! - деді спортшы. 



Күн шежіресі