Наталья Богданова Олимпиадаға іріктеу турнирінде сүрінді
Бокстан Қазақстан әйелдер командасының өкілі Наталья Богданова жарыстың алғашқы айналымында сербиялық Кристина Кулуховаға есе жебірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
66 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз енді Олимпиада ойындарына бармайды. Бұған дейін Италияда өткен жарыста да Богданова жолдамаға ие бола алмаған.
Серб боксшысынан Наталья ұпай санымен жеңілді. Бес төрешінің үшеуі Кулухова жеңді деп дауыс берсе, екеуі Богданованы таңдаған.
Күні кеше Қазақстан құрамасының тағы біт өкілі Ұлжан Сәрсенбек те америкалық қарсыласынан жеңіліп қалды. Боксшы қыздар әзірге Олимпиада ойындарына бір ғана жолдама алған.