Наталья Богданова лицензиялық жарысты жеңіспен бастады
Наталья Богданова (66 келі) бокстан Бусто-Арсициода өтіп жатқан лицензиялық жарысты жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық боксшы бірінші айналымда аргентиналық Лорена Соледад Балбуэнді жеңді.
Кездесудің бірінші раундында төрешілер жеңісті қарсыласқа бергенімен, Богданова тез жиналып, жекпе-жекті жеңіспен аяқтады.
Ол екінші кездесуін ертең өткізеді.
Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Жайна Шекербекова (54 келі) мен Римма Волосенко (60 келі) жеңіліс тапқан болатын.