Наталья Богданова лицензиялық турнирде ұтылды
Наталья Богданова Италиядағы лицензиялық турнирдің жарыс жолынан шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
66 келідегі екінші айналымда Анета Ригельскамен (Польша) жұдырықтасты. Төрешілер үш раундта да басымдықты қарсыласқа берді.
Аталмыш турнирде Қазақстан әйелдер құрамасының осымен үшінші мүшесі турнирді тыс қалды. Бұған дейін Жайна Шекербекова мен Римма Волосенко жеңілген еді.