logo

Наталья Богданова бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды (видео)

Наталья Богданова бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды (видео)

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Наталья Богданова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында сәтті өнер көрсетті.

Наталья Богданова бұл кезеңде үндістандық Санамача Чоксоммен қолғап түйістірді. Жерлесіміз қарсыласын алғашқы раундтан-ақ қыспаққа алып, нокдаунға жіберді. Жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап қалған қазақстандық былғары қолғап шебері 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.



Күн шежіресі