logo

Нариман Курбанов: Жаңа бағдарлама жасадық

Нариман Курбанов: Жаңа бағдарлама жасадық

Олимпиада жолдамасына мүмкіндігі бар гимнаст Нариман Курбанов Катардағы сайысқа дайындалуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. Маңызды жарыс алдында спортшы Olympic.kz сайтына берген сұхбатында бағдарламасын жетілдіріп жатқанын айтты.

«Қазіргі сәтте менің комбинациям қиындығы жөнінен әлемде екінші орында – 6.7. Өткен әлем кубогі кезеңдерінде бұл осы маусымның ең қиын бағдарламасы болды. 

Антальядағы турнирге базалық құндылығы 6.9-ды құрайтын жаңа бағдарламамен бардым. Бұл базалық жағынан қазіргі Олимпиада чемпионы, британдық Макс Витлоктың комбинациясымен бірдей. 

Бір қолмен айналуды қостым, мұндайды әлемде үш-төрт адам ғана өз комбинациясында орындайды. 

Соңына қарай жаттығуды толық аяқтауға мүмкіндік болмады, десе де, маған нәтижем ұнайды»