logo

NAIZA турнирінің басты жекпе-жектеріне қатысатын спортшылар Қарағандыдағы турнир алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

NAIZA турнирінің басты жекпе-жектеріне қатысатын спортшылар Қарағандыдағы турнир алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

29 мамыр күні Қарағандыда өтетін NAIZA турнирінің басты жекпе-жектеріне арналған ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті.

Кештің басты жекпе-жегі – Қазбек Сағын мен Багдат Жұбаныш арасындағы реванш. Таңертеңгі салмақ өлшеу кезінде Сағын 55,05 кг, ал Жұбаныш 54,9 кг көрсетті.

Кештің тең басты жекпе-жегіне қатысатын спортшылар да салмақ талаптарына сай болды – Ансар Қасымжанов 80 кг, ал оның қарсыласы қытайлық Яху Жу 80,35 кг тартты.

Сонымен қатар, Абылайхан Шаратов 59 кг, ал оның қарсыласы Зафар Абдурахманов 57,15 кг көрсетті.

NAIZA турнирі 30 мамыр күні Sport+ телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Трансляция сағат 17:00-де басталады.



Күн шежіресі