NAIZA чемпионы Валерий Гусаров: Титулды қорғауға 100% дайынмын

NAIZA чемпионы Валерий Гусаров: Титулды қорғауға 100% дайынмын

NAIZA лигасының жеңіл салмақтағы чемпионы Валерий Гусаров Sport+ арнасына берген сұхбатында Асет Анарбаевпен болатын титулды қорғау жекпе-жегі туралы ойымен бөлісті:

— Дайындық Таиландта өтіп жатыр. Белбеуді қорғауға 100% дайынмын. Қарсыласымның бірнеше жекпе-жегін көрдім — мықты спортшы, оның 8-1 рекорды көп нәрсені аңғартады.

— Қазақстандағы екінші жекпе-жегіңіз және екінші рет қазақстандық спортшымен кездескелі отырсыз. Өз жерінде жергілікті файтерлермен айқасу қиындық тудырмай ма?

— Бұл мәселе емес. Әрине, шетелдік спортшылармен жекпе-жек өткізгім келеді, бірақ бұған да рақмет. Жалпы, Қазақстан маған ұнайды, жақсы қарсы алады, жекпе-жектердегі көрермендер де керемет. Бір күні Қазақстанға жай демалу үшін келгім келеді.

Жекпе-жек 23 мамыр күні Алматы қаласында өтетін NAIZA 83 турнирі аясында ұйымдастырылады. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан көруге болады.



Күн шежіресі