Надежда Морозова: 1000 және 1500 метр сайысында жүлдегерлер қатарында болғым келеді
Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан лидері Надежда Морозова Sport+Qazaqstan арнасына сұхбатында ақпан айында өтетін Азия Ойындарына жоспарын айтты:
«Барлық ара қашықтықты жүріп өтуге тырысып жүрмін. Қазіргі ең басты меже — ақпан айындағы Азия Ойындары, кейін Олимпиада. Сол жарыстарға дайындалудамыз. Жаттығуда барымды салып, күш пен шыдамдылықты арттырып жатырмын. 1000 және 1500 метр сайысында жүлдегерлер қатарында болғым келеді. Қытай мен Кореядан мықты спортшылар көп, оңай болмайды. Михо Такаги — 1500 метрде әлем рекордшысы, қытайлық Мей Хан да мен жүгіретін сайыста өнер көрсетеді»