logo

Мырзағали Айтжанов қызметінен кетті

Мырзағали Айтжанов қызметінен кетті

Қазақстан Бокс федерациясы Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ұйым бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілгенін атап өткен.

Қазақстан бокс федерациясының шешімі Дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.

«Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз:

1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.

2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. 

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады», — деп жазды федерациядан.



Күн шежіресі