logo

Мужиков туған клубымен келісімшартқа отырды

Мужиков туған клубымен келісімшартқа отырды

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, тәжірибелі Серікжан Мужиков «Жетісу» құрамын толықтырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

34-жасар ойыншы талдықорғандық клубпен қаңтар айының басынан жаттығып жүрді, алайда келісімшарттың шарттары бойынша біраз уақыт бойы клуб басшылығымен келісе алмады. Жақын арада мәселе өз шешімін тапты, «Жетісу» Мужиковты Қазақстан чемпионатына ресми тіркеп, оған 7 нөмерді берді.

«Жетісу» ел чемпионатының бірінші турына қатыспайды. Екінші турда талдықорғандық ұжым «Астанаға» қарсы ойнайды.