logo

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиадаға бір қадам жақындады

Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиадаға бір қадам жақындады

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қазақстандық Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіліссіз келеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

63,5 келі салмақта сынға түсіп жатқан ол бүгін түркиялық Мизан Айкөлді жеңді. Бұған дейін Базарбайұлы филиппиндік қарсыласы Кристиан Питт Лауреттені ұтқан болатын. 

Айта кетелік, бокстан Қазақстан командасы жеті салмақтың алтауында жолдама алып үлгерді. Енді бір салмақтағы квота мәселесі Таиландтағы соңғы іріктеу турнирінде шешілмек. 



Күн шежіресі