Михаил Мудрик допинг сынағынан оң нәтиже көрсетті
![Михаил Мудрик допинг сынағынан оң нәтиже көрсетті Михаил Мудрик допинг сынағынан оң нәтиже көрсетті](http://sportplustv.kz/public/upload/sports/876_db3be77b4e88aea7b80f844fc181cbb3.webp)
«Челси» мен Украинаның жартылай қорғаушысы Михаил Мудрикке допинг сынамасынан оң нәтиже шыққаны үшін төрт жылға дисквалификация қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Sport+.
Хабарламаға сәйкес, Мудрик қазан айында допинг сынағынан өткен. Футболшының «А» сынамасынан тыйым салынған зат табылған. Жақын күндері «B» сынамасы тексеріледі деп күтілуде.
Мудрик Лондон клубында 2023 жылдан бері ойнап келеді. Оның «Челсимен» келісімшарты 2031 жылға дейін жасалған, ал ойыншының трансферлік құны € 30 миллионға бағалануда.
Ағымдағы маусымда жартылай қорғаушы барлық турнирлерде 15 матч өткізіп, үш гол соғып, бес нәтижелі пас берген.