logo

Михаил Кукушкин Уимблдонды сәтті бастады

Михаил Кукушкин Уимблдонды сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (ATP 132) Лондонда өткен Уимблдонның ашық чемпионатының іріктеу кезеңінде алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кукушкин украиналық теннисші Виталий Сачкомен (ATP 278) кездесті және екі сетте 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын бір сағат 15 минутқа созылды және іріктеу кезеңінің ширек финалында өтті.

Ойын барысында Михаил үш рет эйс жасап, бір қосарлы қателік жіберді.



Күн шежіресі