Мюнхеннің «Бавариясы» Германия кубогының жартылай финалына жолдама алды (видео)
Германия кубогының 1/4 финал аясында «Альянц Арена» стадионында өткен кездесуде мюнхендік клуб «Лейпцигті» 2:0 есебімен жеңді.
Алғашқы таймда есеп ашылмағанымен, екінші таймда алаң иелері ойын тағдырын өз пайдасына шешті.
64-минутта Харри Кейн пенальтиден дәл соққы жасап, «Баварияны» алға шығарды. Араға үш минут салып, 67-минутта Диас есепті еселей түсті.
Осылайша, екі гол «Баварияға» сенімді жеңіс сыйлап, команда Германия кубогының жартылай финалына өтті.