Милич Чурчич команданың жеңілісі жайында айтты
Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Милич Чурчич Премьер-Лига аясында «Қайсарға» 1:2 есебімен жеңілісі жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
«Өзіміз күткендей ойын өте қиын болды. Қарсылас ерекше ойын көрсетті, осылайша жеңіске жетті, Бізде жақсы мүмкіндіктер болды, соларды жүзеге асыру керек еді. Команданың жеңіске деген құлшынысы жоғары болды. Енді алдағы үзіліске бізге пайдасын тигізер деген үміттемін. Өз ойымызды, қарым қатынасты қай қалпына келтіру үшін белгілі бір демалыс керек еді. Бізге қолдау білдірген барша жанкүйерге алғыс білдіремін!»