Милад Карими Дохада өткен Әлем кубогында топ жарды
Катар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде қазақстандықтар екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сілтеме жасап.
Еркін жаттығудан Милад Карими чемпион атанды. Ол 14.766 ұпай жинады. Дмитрий Патанин 14.500 ұпаймен қола медаль жеңіп алды.
Ал күміс медальді 14.566 ұпаймен ұлыбританиялық Люк Уайтхаус иеленген.
Айта кетелік, Милад іріктеу кезеңінде де еркін жаттығудан көш бастаған болатын.