Мерей Ақшалов марапатталды

Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов тағы бір марапатқа ие болды, деп хабарлайды Sport+
Бүгін Астанада ҚР Туризм және Спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Руслан Есеналин Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшаловқа ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрмет белгісін табыстады.
Куәлік “Дене шынықтыру, спорт және туризм саласының дамуына қосқан үлесі үшін” берілді делінген Қазақстан бокс федерациясының хабарламасында.