Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Sport+.
— WTA рейтингінің бірінші сатысына көтерілуіңіз — феноменалды талантыңыздың, орасан зор еңбексүйгіштігіңіздің және өзіңізге деген мызғымас сеніміңіздің арқасында бағындырған спорттық шың. Осы тарихи жетістігіңіз арқылы қазақстандық спорттың абыройын асқақтатып, есіміңізді әлемдік теннис шежіресіне жаздыңыз. Сіздің жолыңыз еліміздің мыңдаған жас спортшысы мен жер жүзіндегі миллиондаған теннис жанкүйері үшін шабыт беретін үлгі. Кортта да, қоғамдық орындарда да әртүрлі адамдармен қарым-қатынас барысында көрсететін жоғары мәдениетіңізді ерекше атап өткім келеді. Бұл сіздің парасаттылығыңыз бен тәрбиелі екеніңізді айқын көрсетеді, — делінген құттықтауда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаға чемпиондық рухын сақтап, жаңа жетістіктерге сенімді қадам басуын тіледі.