logo

Мейіржан Шермаханбет: Әлем чемпионатында жақсы нәтижеге қол жеткізіп, келесі Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырмын

Мейіржан Шермаханбет: Әлем чемпионатында жақсы нәтижеге қол жеткізіп, келесі Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырмын

Албания астанасы Тиранда 28-31 қазан аралығында күрес түрлері бойынша әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасының намысын 12 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Тиранада балуандар олимпиадалық емес салмақтарда марапаттар жиынтығын ойнатады. Қазақстанның бірнеше тәжірибелі спортшылары осы жарысқа қатысу үшін салмақ дәрежелерін ауыстыруға шешім қабылдады. Олардың арасында 2022 жылғы Азия чемпионы және грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері Мейіржан Шермаханбет (72 келі) бар. Ол өзінің мансабының көп бөлігін 67 келіге дейін олимпиадалық салмақта күресті. Біздің редакцияға берген сұхбатында спортшы салмақ ауыстыру себептері мен дайындығы туралы айтты.

— Бұл Әлем чемпионаты олимпиадалық іріктеуден кейінгі алғашқы жарысыңыз ба?

— Олимпиадалық іріктеу жарысынан кейін жаттығуды үзген жоқпын, оқу жаттығу жиындарында болдым жаңа салмақта бір-екі жарысқада қатыстым. Нақтырақ айта кетсем, Ресейдің Қазан қаласында өткен «БРИКС» ойындарында екінші орын алдым.

— Дайындық қалай және қай жерде өтті? Жарыс алдындағы психологиялық дайындық қалай өтуде?

— Біз осы уақыт ішінде форманы жинадық. Хорватияда бірлескен жиындар өткізілді, онда көптеген елдердің өкілдері келді. Содан кейін олар елге оралып, Алексеевка базасында жаттықтық. Онда грек-рим күресінен Қазақстанның қазіргі чемпионы Николай Хапкомен бірге прикидка жасап, әлем чемпионатында төрт жігітті анықталды. Қазір бізде соңғы оқу-жаттығу жиыны — жарыстың басталуына дайындық.

— Қателеспесем, сіз 72 келі дәрежесінде 3-4 жыл бойы күреспедіңіз. Салмақ қосу, қарсыластарды зерттеу қиынға соқпады ма?

— 72 келіде бір екі рет күресіп көргем.салмағым аса көп емес ал қарсыластарды барлығын танимын білемін себебі тек өзімнің салмағымды емес барлық салмақты мұқият қарап отырамын

— Алдыңғы маусымдарда көз жарақатына байланысты тексеріліп жүру қажеттігі жайлы айтқан болатынсыз. Қазіргі жағдайыңыз қалай? Дәрігерлер бозкілемге шығу жайында қандай пікірде?

— Көз жарақатына келсек, қазір бәрі бірқалыпты, уақытылы дәрігерлерге қаралып отырамын.

— Бұл жарыстан кейінгі жоспарыңыз қандай?

Осы әлем біріншілігін жақсы нәтижеге қол жеткіземін деген ойдамын. Сосын өз салмағыма қайта ораламын.

— Келесі Олимпиада ойындарына дейін күресу ойыңызда бар ма?

— Мен осы әлемдік біріншілікте жақсы нәтижеге қол жеткізе аламын деп ойлаймын. Содан кейін мен салмағыма оралып, дайындықты жалғастырамын. Иә, келесі Олимпиадаға дейін күресуді жоспарлап отырмын.