Медведев пен Хачанов жарысты бастайды. Almaty Open матчтарын қайдан және қашан көруге болады

16 қазан күні Almaty Open турнирінің кезекті ойын күні өтеді.
Бұл күні жарыстың бірінші нөмірлі теннисшілері — Карен Хачанов пен Даниил Медведев кортқа шығады.
Орталық корттағы ойындар кестесі:
11:00 — Александр Вукич (Австралия) – Алекс Микелсен (АҚШ)
12:30 — Лучано Дардери (Италия) – Синтаро Мотидзуки (Жапония)
14:00 — Адам Уолтон (Австралия) – Даниил Медведев (Ресей)
19:00 — Карен Хачанов (Ресей) – Ян-Леннард Штруфф (Германия)
Барлық матчтарды Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көруге болады.