Қазақстан құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан 57 келі салмақ дәрежесінде 2024 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалында Сабырхан тәжікстаннан келген Асрор Вохидовтан басым түсті.

Сонымен қатар, бұған дейін турнирде Сәкен Бибосынов пен Айбек Оралбай жолдама жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, Ханчжоудағы Азия ойындарында Кәмшат Күнкабаев пен Карина Ибрагимова да квоталарды жеңіп алды.