logo

Махмұд Сабырхан - екі дүркін әлем чемпионы

Махмұд Сабырхан - екі дүркін әлем чемпионы

Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер жалғасып жатыр.

55 келіде сынға түскен Махмұд Сабырхан ақтық сында Испанияның мықтысы Лозано Серраномен күш сынасты. Алғашқы минуттан жерлесіміз басымдықты өз қолына алып, қарсыласының адымын аштырмады. Қорытынды есеп: 5:0.

Айта кетейік, осы әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан ең жылдам нокауттың да авторы атанған болатын.

Ол бұған дейін 2023 жылы Ташкенттегі жаһандық додада алғаш рет топ жарған еді.