Маусымның жас чемпиондары: Астанада «10 жасқа дейінгі теннис» қорытынды турнирі аяқталды
24–28 қараша аралығында Астанадағы Beeline Arena теннис орталығының корттарында 10 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы маусымның маңызды финалдық турнирі жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды Sport+.
Бұл жарыс еліміздің 8 үздік ұл және 8 үздік қыз теннисшісін жинаған жарқын маусым қорытындысы болды.
Ұйымдастырушылар жас қатысушыларға нағыз кәсіби теннис атмосферасын сыйлауға тырысты: турнир әйгілі ATP/WTA Finals форматына ұқсатып безендірілді. Ойыншыларға арнайы фотосессия жасалды, ал финалистер аренасына Lexus люкс-класс автокөліктерімен жеткізілді — дәл әлемдік ірі турнирлердегі кәсіби спортшылар секілді. Барлығы салмақты, әсерлі және ересектерше өтті.
Ұлдар арасындағы нәтижелер
Қызу бәсекеде жеңіске деген жігерін көрсеткен Астаналық Әліби Сапар финалда лайықты жеңіске жетіп, чемпион атанды. Әліби бұл турнир оған жарқын эмоциялармен қатар, қысым жағдайында ойнаудың баға жетпес тәжірибесін сыйлағанын атап өтті.
Екінші орын — Қарағандыдан келген Марк Бондаревке бұйырды, ол өте сенімді және кемел ойын көрсетті.
Қола жүлдені — Астаналық Расул Тлеоф жеңіп алды.
Қыздар арасындағы нәтижелер
Қыздар арасында чемпиондық атаққа Астанадан келген Аружан Қауменова ие болды — ол турнирді өте сенімді және тұрақты түрде өткізді. Финалдан кейін Аружан жақындарының қолдауын және қарсыластарының жоғары деңгейін ерекше сезінгенін айтты.
Күміс медаль — Астаналық София Подлеснаяға.
Қола жүлде — Лисаковск өкілі Варвара Панчехада.
Аралас жұптардағы жеңімпаздар
1 орын: Алиби Сапар / Варвара Панчеха
2 орын: Арсений Горбач / Нурайлин Есенали
3 орын: Әмре Хамитов / Алана Шаяхметова
Жоғары деңгейдегі ұйымдастыру
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл турнир жас спортшылардың дамуындағы маңызды кезең болды. Қатысушылар жоғары деңгейдегі жарыс тәжірибесін алып, жылдың үлкен финалының атмосферасын сезінді және болашақ жетістіктерге тағы бір қадам жасады.
«Теннис до 10» бағдарламасы бас серіктес — Lexus компаниясының қолдауымен жүзеге асырылады.
Ал кішкентай чемпиондарға арналған арнайы сыйлықтарды 7/6 (Seven Six) теннис дүкені ұсынды.
Серіктестердің бала спортын дамытуға және болашақ чемпиондарды қалыптастыруға қосқан үлесінің арқасында турнир өте жоғары кәсіби деңгейде өтті.
Жас теннисшілер Астанадан тек медальдер мен кубоктар алып қана қоймай, сондай-ақ жарқын эмоциялар, мотивация және бір күні шынайы ATP немесе WTA Finals кортында ойнау туралы армандарын алып қайтты.