Маусымның шешуші ойыны: «Елімай» – «Қайрат» матчының тікелей эфирі
Еурокубоктағы тартысты ойындардан кейін «Қайрат» енді Қазақстан чемпионы атағын қорғауға назарын бұрады.
Кестеде «Ордабасы» алшақтық қалыптастыра бастады. Сондықтан алматылықтар ұпай жоғалтпауы керек. Алайда олардың жолында өз мақсаттары үшін күресіп жатқан қауіпті қарсылас — «Елімай» тұр.
Семейліктер еурокубоктардың дәмін татып, енді сол бәсекеге қайта оралуға бел буып отыр. Ол үшін ҚПЛ-дағы 3-4 орындар үшін таласып, жеңіске жету қажет. Сондықтан «Елімайға» да үш ұпай аса маңызды.
«Елімай» үшін жақсы жаңалық — команда капитаны Рамазан Оразов сапқа қайта қосылды.
Матч 31 тамыз күні сағат 19:00–де басталады.
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.