Марлен Айманов: Әкемнің жолын қайталаймын
«Қайрат» шәкірті Марлен Айманов «Елімай» клубына ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan:
«Әкем Қайрат Айманов «Елімай» сапында Қазақстан чемпионы атанған еді. Араға 30 жыл салып, мен Марлен Айманов клуб намысын қорғаймын. Тарихты қайталайық»
Қайрат Тыныштықұлы «Елимаймен» бірге 1994 жылы Қазақстан чемпионы атанды.